16.04.2007, 16:41 2862

Оңтүстік Қазақстан облысының әскери қызметкерлері әскерге шақырылғандарды есепке алу мен оларды іздеуді қамтамасыз етудегі әкімшілік пен ішкі істер органдарының жұмыстарына наразылық танытуда

ШЫМКЕНТ. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының әскери қызметкерлері әскерге шақырылғандарды есепке алу мен оларды іздеуді қамтамасыз етудегі әкімшілік пен ішкі істер органдарының жұмыстарына наразылық танытуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Искери борышын өтеуден жалтарған әскерге шақырылғандарды әкелуді, және оларды іздеуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер органдарына, сонымен қатар ішкі істер органдарының әскерге шақыру комиссиясының құрамына кіретін өкілдерінің жұмысына бірқатар наразылықтары бар", - деп хабарлады бүгін кеңесте Оңтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Ибдірашид Саттаров. "Олар әскерге шақыру комиссиясының отырыстарына қатыспайды",- деді әскери комиссар.

А. Саттаровтың айтуынша, полицейлер әскери борышын өтеуден жалтарғандарды іздеуге қатысты өздерінің міндеттерін атқармай отыр. "Учаскелік қызмет әскерге шақырылғандарды ұстау және жеткізу жөнінде көптеген сұрақтар ала отырып, үй иелерімен ешқандай жұмыс жүргізбестен жалтарма жауаптар береді. Олар өздеріне Қазақстан Республикасының "Искери міндет және әскери қызмет туралы" Заңымен жүктелген қызметтік міндеттерін атқармауға болады деп санайды",- деді әскери комиссар. "Облыс бойынша 2006 жылдың 1-қаңтарында 13 981 адам іздеуде болса, олардың 10 114 табылған",- деп түсіндірді.

Облыстық әскери комиссар, әскерге шақырылғандарды нақты есепке алуды жүргізетін ауыл әкімшілігіне деген наразылығын да айтты. "Искерге шақырылғандар арасынан жоғарғы білім алғандар мен колледж бітіргендер туралы мәліметтер жоқ, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі бөлімге үйленгендер, балалары барлар туралы, отбасылық жағдайы өзгергендер, сотталғандар мен мүгедектер туралы ақпараттар мүлдем түспейді. Есепке алу мәліметтері тиісті мерзімінде нақтыланып, қорғаныс ісі жөніндегі бөлімнің есепке алу мәліметтерімен салыстырылмайды. Барлығы қорғаныс ісі жөніндегі бөлімнің жұмысшылары әскерге шақырылғандарды әскерге шақыру комиссиясына шақырғанда ғана белгілі болады",- деп хабарлады А. Саттаров. Сонымен қатар, әскери комиссардың пікірінше, ауыл әкімдері әскерге шақыру қызметіне көмек көрсетудің орнынан олардың іс-қызметтеріне қиындықтар туғызады. "Ауыл әкімдері қызметкерлерді бағыттарынан жаңылдырып, олардың салық жинау сияқты қызметтік міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тартады",- деп хабардар етті жиналғандарды облыстық әскери комиссар.

А. Саттаровтың мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы облыстың Бәйдібек, Мақтаарал, Түлкібас, Шардара сияқты аудандарынан әскерге шақырылғандардың 50-60 пайызы ғана келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны