26.02.2009, 15:49 5325

Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында медициналық колледж қызметкері өз жұмыс орнында өлтірілген

Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай қаласында медициналық колледж қызметкері өз жұмыс орнында өлтірілген

Шымкент. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Мақтаарал ауданының Жетісай қалалық медициналық колледж қызметкерінің өліміне қатысты қылмысты әшкереледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Мақтаарал АІІБ-ның кезекші бөліміне суыт хабарлама түсті. Жетісай қаласының медициналық колледжінің қызметкері полицейлерге өзінің қызмет бөлмесінде осы колледждің 30 жастағы лаборантының көптеген пышақ жарақаттары бар мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер жәбірленуші 11 пышақ жарақатынан қайтыс болғанын анықтады. Колледж қызметкерлерін сұрастыру барысында, олар бір белгісіз тұлға жәбірленушінің жұмыс бөлмесінен шыққанын көргендерін айтты. Оқиға орнынан 13 саусақ іздері бар үш дана ұялы телефон мен қан дақтарына ұқсас сұйықтық іздері бар перде алынды.

Үш тәулік өткен соң Мақтарал АІІБ-ның қызметкерлерінің ОҚО ІІД ЖПБ қызметкерлерімен бірігіп жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Мақтаарал ауданының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Сезікті кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында күдікті мен жәбірленуші тіркелмеген некеде екі ай тұрып, айрылысқаны анықталды.

Қазіргі уақытта сезікті қамауға алынып, оның үстінен ҚР ҚК-нің 96-бабына (адам өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны