26.09.2006, 10:43 2952

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ШЫМКЕНТ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Бас прокурордың аға көмекшісі Төрехан Адай хабарлады.

"17-қыркүйекте облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның орынбасарлары - Нағима Жолдасова мен Рахима Қуандықованың үстінен қылмыстық іс қозғалды",- деді Т.Адай ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында.

Оның айтуынша, осыдан екі күн бұрын облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Ташмұхан Тойбеков пен оның орынбасарының, сондай-ақ, аурухананың екі бөлімшесінің меңгерушілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса облыстық қан орталығының бұрынғы бас дәрігері Шора Сейдіновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Барлық лауазым иелеріне өз міндетіне немқұрайды қараған деген айып тағылып отыр.

Сонымен бірге қан тапсырғаны үшін ақша алғаны туралы есепте алты донордың қолын жасанды қою дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Осынау апатты жағдай нақты адамдардың кінәсінен болған. Оларға жаза жүктеу қажет. Бұны бізден қоғам күтіп отыр, зардап шеккендердің ата-аналары күтіп отыр. Сол себепті қысым көрсетуге, өтініш жасап жалбарына келуге ниет етпеңіздер! Мұндай әрекеттерге жол берілмейді. Бұл жағдайда біз туралық танытуға тиіспіз",- деді облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев Бас прокуратура өкіліне арнап айтқан сөзінде.

Осы орайда естеріңізге сала кетсекк, соңғы мәлімет бойында обылста ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 61-ге жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны