21.01.2009, 15:15 2736

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары екі ірі героин партиясын тәркіледі

Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары екі ірі героин партиясын тәркіледі

Шымкент. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіп сақшылары кейінгі күндерде екі ірі героин партиясын сатуға талпыныс жасаған екі Өзбекстан азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мақтаарал ауданында "Оңтүстік" арнаулы бөлімшесі "Арлан" арнаулы қызметімен бірлесе отырып жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында 45 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол салмағы 4 келіден астам героин партиясын сатуға әрекеттенді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жуырда Шымкентте тағы 28 жастағы Өзбекстан азаматы 0,5 кг жуық героин сатпақ болған кезде қолға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны