01.07.2016, 15:36 4596

Оӊтүстікте Елбасыныӊ қатысуымен өткен телекөпірде тез әзірленетін тағам өндіретін зауыт іске қосылды

Бүгін Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыныӊ 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеӊесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданында тез әзірленетін тағам өндіретін зауыттыӊ іске қосылуына рұқсат берді

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасыныӊ 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеӊесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданында тез әзірленетін тағам өндіретін зауыттыӊ іске қосылуына рұқсат берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазығұрттағы индустриялды аймақта ашылған "Lotus food" компаниясы тез әзірленетін тағам өнімдерін шығарады. Аталған жоба шетелден келетін өнімдер импортын алмастыратын алғашқы зауыт болып отыр. 48 жаӊа жұмыс орны құрылып отырған өндіріс орнына тартылған инвестиция көлемі 471 млн. теӊгені құрайды.

Сонымен қатар, осы аймақта ауыл шаруашылығы саласына арналған биоорганикалық тыӊайтқыштарды шығаратын фабрика құрылуда. Бұл өз кезегінде медицинада косметикалық препараттарға қосымша ретінде қолданылатын болады. Аталған жоба ТМД елдерінде баламасы жоқ серіктестік болып табылады.

Аумағы 40 гектар болатын аудандағы индустриялды аймақ - тамақ өнеркәсібі мен құрылыс индустриясы бағытында дамып жатыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны