30.04.2014, 22:07 19097

Орал әуежайы қайта жаңғыртылған соң барлық типтегі әуе кемелерін қабылдай алады - ККМ

Кейінгі 10 жылда 13 ірі әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын қайта салу жұмыстары жүргізілді. Амантай Кокетаевтың пікірінше қалған 5 әуежайдың қайта салу жұмыстарын 2018 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Орал қаласының әуежайының ұшу-қону жолағын қайта салу жұмыстары 2014-2015 жылдары өткізіледі.

"Жақын арада Орал әуежайының ұшу-қону жолақтарын қайта салу басталады. Ұшу-қону жолағының салмақ көтеру қабілеттілігінің төменділігіне байланысты әуежай ауыр салмақты кемелерді қабылдай алмай, рейстер санын қысқартуға мәжбүр. Бұл жұмыстар әуежайдың мүмкіндіктерін арттырып, қазіргі заманғы сыйымдылығы көбірек әуе кемелеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады, сонымен бірге бүкіл аймақтың дами түсуіне септігін тигізеді", - ҚР ККМ Азаматтық авиация комитетінің әуежайлар басқармасының басшысы Амантай Кокатаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейінгі 10 жылда 13 ірі әуежайлардың ұшу-қону жолақтарын қайта салу жұмыстары жүргізілді.

Амантай Кокетаевтың пікірінше қалған 5 әуежайдың қайта салу жұмыстарын 2018 жылға дейін аяқтау жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны