22.01.2010, 15:21 3043

Орал қаласында тәртіп сақшысы есірткі сатқаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды

Орал қаласында тәртіп сақшысы есірткі сатқаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Орал қаласында тәртіп сақшысы есірткі сатқаны үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық прокуратурасы қылмыстық істің тергелуі барысында заңдықтың сақталуын сапалы қадағалау жүргізудің нәтижесінде облыстың ІІД криминалдық полициясы басқармасының бұрынғы жедел уәкілі Н.Фазылғалиев ҚР ҚК 259- бабының 3-ші бөлімінің "в, г" тармақшалары бойынша (есірткі құралдарын заңсыз алу, тасымалдау немесе сату үшін сақтау, дайындау, өңдеу, жолдау немесе өткізу) сотқа берілді.

Анықталғаны, 2009 жылдың 16 маусымында БҚО ҰҚКД-іне бір азамат келіп, ерікті түрде сіріңке қорабын тапсырды. Бұл қорапшада күлгін түсті ұнтақ сияқты зат полимерге ораулы болды. Осы азаматтың айтуы бойынша, бұл ұнтақ есірткі құралы, яғни "героин" болып табылады және оны оған заңсыз полиция қызметкері Н.Фазылгалиев 15 000 теңгеге сатқан. Сараптаманың қорытындысына сәйкес бұл азамат берген зат есірткі құралы - героин болып табылады, оның салмағы 5,55 грамм болған.

2010 жылдың 15 қаңтарында Орал қалалық сотының үкімімен Н.Фазылғалиев ҚР Қылмыстық кодексінің 259-шы бабының 3 бөлімінің "в, г" тармақтары бойынша мүлкін тәркілеу және жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеумен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны