26.01.2009, 15:26 3152

Оралда ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау барысында төрт полиция қызметкері түрлі дәрежеде жарақаттанды

Оралда ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау барысында төрт полиция қызметкері түрлі дәрежеде жарақаттанды

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оралда ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтау барысында төрт полиция қызметкері түрлі дәрежеде жарақаттанды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бірнеше жергілікті тұрғындарға қатысты қарақшылық шабуыл жасалған. Осы қылмысты анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы 5 адамнан құралған қылмыстық топтың ізіне түсіп, арада бірнеше күн өткеннен кейін полиция қызметкерлері қылмыскерлерді бір жерде ұстады",- деді ІІМ өкілі.

Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Арлан" арнайы жасағымен бірлесе жоғарыда аталған күдіктілерді ұстау бойынша операция жүргізді. Операция облыс орталығында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде жүргізілгендіктен, мүмкіндік бойынша атыс қаруын пайдаланбау тұралы шешімі қабылданды.

"Дегенмен, қылмыскерлер белсенді қарулы қарсылық көрсетті. "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері пәтерге кірген сәтте қылмыскерлердің бірі жарықты өшіріп, полицейлер операцияны қараңғы бөлмеде жүзеге асырды. Нәтижесінде барлық бес күдікті азамат қамауға алынды. Іс-шара барысында төрт полиция қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алды",- деді Б.Қожахметов.

Оның айтуынша, бұл пәтерден "АК-74" Калашников автоматы, "РГД-5" гранатасы және мылтық тәркіленді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны