13.06.2007, 17:20 2778

"Орны толықтырылатын қуат көздері туралы" заң жобасы парламентке ағымдағы жылдың аяғына дейін енгізіледі - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

АСТАНА. 13 - маусым. Kazakhstan Today. "Орны толықтырылатын қуат көздері туралы" заң жобасы парламентке ағымдағы жылың аяғына дейін енгізіледі. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Респбуликасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз аталмыш заңды әзірлеп толық аяқтадық, ол қазір Иділет министрлігінің мекемеаралық комиссиясының қарауына жіберілген, ол осы жылдың аяғына дейін парламентке енгізіледі деп ойлаймын",- деді Н. Ысқақов.

"Бұл заңның қабылдануы нәтижесінде дәстүрлі емес энергетика түрлерінің дамуына қатысты көптеген проблемалар өз шешімін табады, себебі қазір құқықтық негіз жоқ, тарифтік саясаттың қандай болатындығы, дәстүрлі емес энергетика саласының іске асуы үшін қандай ынталандыру механизмі болатындығы түсініксіз",- деп қосты министр.

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің айтуынша, бұл заңды әзірлеуге "энергетиканың дәстүрлі емес саласындағы отандық ғалымдар мен мамандар қатысты, сондай-ақ көптеген басқа мемлекеттердің осы саладағы тәжірибелері қолданылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны