14.09.2017, 16:48 3638

Ортсайлауком мемлекет басшысы жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті сенатыныӊ депутаттарын тіркеді

Депутат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты, Бектас Ибдіханұлы Бекназаровты, Дархан Аманұлы Кәлетаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасыныӊ Орталық сайлау комиссиясында мемлекет басшысыныӊ 2017 жылғы 13 қыркүйектегі жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті сенатыныӊ депутаттарын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті.

Депутат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты, Бектас Ибдіханұлы Бекназаровты, Дархан Аманұлы Кәлетаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

"Қазақстан Республикасыныӊ Парламенті және оныӊ депутаттарыныӊ мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заӊына сәйкес тіркеуден соӊ депутаттар қызметіне кіріседі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны