17.02.2016, 14:16 4049

Осы жылы Қарулы Күштерде сержанттар мен сарбаздар құрамыныӊ аттестатталуы өтеді

Биылғы жылы 2016 жылғы наурыздыӊ 1-і мен қарашаныӊ 1-і аралығында Қарулы Күштердіӊ барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында отырған келісімшарт бойынша әскери қызметшілердіӊ аттестатталуы өткізіледі

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы 2016 жылғы наурыздыӊ 1-і мен қарашаныӊ 1-і аралығында Қарулы Күштердіӊ барлық әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында отырған келісімшарт бойынша әскери қызметшілердіӊ аттестатталуы өткізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аттестаттаудыӊ басты мақсаты және міндеті әрбір әскери қызметшініӊ кәсіби және жеке қасиеттеріне, әлеуетті мүмкіндіктеріне жан-жақты әрі дәйекті сипаттама беру, аттесталатын әскери қызметшілердіӊ атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі мен олардыӊ әрі қарай қызмет өткеруініӊ перспективасын айқындау болып табылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аттестаттау барысында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердіӊ қызмет ету мерзімін ұзартудыӊ мақсатқа сәйкестігі айқындалады, әскери қызметшілерді даярлау және қайта даярлауды жетілдіру бағыттарын анықтау мен қызмет бойынша ілгерілету немесе оқуға жіберу үшін кадрлық резерв құрылады.

Аттестаттау төрт кезеӊде өткізіледі. Бүгінгі күні барлық әскери бөлімдерде командирлердіӊ шешімімен аттестаттау комиссиясы құрылды. Оларға әскери қызметшілерге жасалған аттестаттау материалдарын қарау және олардыӊ қызметті әрі қарай өткеруі жөнінде тиісті шешім қабылдау жүктеледі.

Аттестаттауды дайындау және құру кезінде психологиялық тестілеу, жауынгерлік даярлық пәндері бойынша сынақтарды тапсыру нәтижелері, сыныптық біліктіліктіӊ болуы, тікелей бастықтыӊ мінездемесі мен ұсынымдары ескеріледі.

Аттестаттау қорытындысы бойынша жоғары лауазымдарға ілгерілету және оқуға жіберу үшін сержанттар (старшиналар) мен сарбаздардыӊ (матростар) резервісі құрылады.

2015 жылы Қазақстан Қарулы Күштерініӊ офицерлері аттестаттаудан өткенін естеріӊізге сала кетейік. 100 % аттестатталғандардыӊ 97,4 % өздерініӊ атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігін растады. Бұл өзіндік қайта емтихан тапсыру болып келеді. Аталмыш сынақтыӊ мақсаты әр офицердіӊ кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін, әлеуетін, оныӊ атқарып отырған әскери лауазымға сәйкес келуін айқындау болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны