24.07.2014, 21:22 3424

Өскеменде жыл соңына дейін жас отбасыларға 2 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Өскемен қаласында "Жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйлер" бағыты бойынша 315 пәтері бар 3 көпқабатты үй салынуда, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 24 шілде. Kazakhstan today. Өскемен қаласында "Жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйлер" бағыты бойынша 315 пәтері бар 3 көпқабатты үй салынуда, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

"Өскемен қаласында "Жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үйлер" бағыты бойынша 315 пәтері бар 3 көпқабатты үй салынуда. Олардың 2-уі 2014 жылдың соңында пайдалануға берілсе, 2015 жылы қалған біреуі жастардың игілігіне беріледі", - делінген хабарламада.

Бұл тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 100 000 теңге. Айта кетерлік жайт, аталмыш баспаналар "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасының жастарға арналған және жалға беру арқылы берілетін алғашқылардың бірі.

Жалпы, Өскеменде 5 санат бойынша 5500 адам баспана кезегінде тұр. Олар: Ұлы Отан Соғысы ардагерлері және мүгедектері, жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балалар, әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер, соңғысы жалғыз тұрғын үйлері апатты жағдайда деп танылған ҚР азаматтары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны