16.02.2012, 13:15 3314

Өткен жылы Тараз қаласында болған лаңкестікке қатысушыларға қатысты сот процессі басталды

Сот процесі 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласының тұрғындарын үш сағат бойы қорқынышта ұстаған террорист - Мақсат Қариевке көмектескен 5 айыпталушының үстінен жүруде.

Тараз. 16-ақпан. Kazakhstan Today - Таразда сәрсенбі, 15 ақпан күні өткен жылдың 12 қарашасында жасалған лаңкестік оқиғаның қатысушыларына қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, сот процесі 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласының тұрғындарын үш сағат бойы қорқынышта ұстаған террорист - Мақсат Қариевке көмектескен 5 айыпталушының үстінен жүруде.

Сыбайластардың бесеуіне де ҚР ҚК-нің 96 бабы (кісі өлтіру), 251 бабы (қаруды заңсыз сақтау) және 233 баптың 2 бөлімі (лаңкестік) бойынша айыпталды.

Сот процесі жабық түрде тараздық СИ-13 мекемесінде өтіп жатыр. Куәгер ретінде 48 адам қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны