04.12.2007, 16:47 2892

Парижде ҚР Жоғарғы соты мен Халықаралық сот атқарушылары одағының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Парижде ҚР Жоғарғы соты мен Халықаралық сот атқарушылары одағының арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Халықаралық сот атқарушылар одағы үстіміздегі жылдың 29-қарашасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Парижде үстіміздегі жылдың 29-қарашасанда Халықаралық сот атқарушылары одағының Тұрақты кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми мен Халықаралық сот атқарушылар одағының президенті Жак Иснар Одақ пен Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды".

Қол қою салтанатының алдында Халықаралық сот атқарушылар одағының хатшысы Б. Мюне Қазақстанды таныстыра сөз сөйлей отырып, елдегі саяси, экономикалық және құқықтық реформалаудағы жетістіктерінің нәтижесінде қысқа мерзім ішінде елде сот атқарушылар институтын енгізгендігін ерекше атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми өз кезегінде Қазақстандағы атқару өндірісінің жүйесі туралы айтып өтті. Ол, "Қазақстандағы сот билігін түбегейлі реформалау және оын нығайту - юрисдикциялық органдардың қарар-құжаттарын жедел әрі нақты орындауды талап ететін демократиялық процесстерге және нарықтық экономиканың сұраныстарына тікелей байланысты", деп атап өтті.

Баспасөз баянында хабарланғандай, "Қазақстанның 64 елдің сот атқарушылар одағын біріктіретін осындай беделді халықаралық ұйымға қатысуы сот шешімдерін жеке атқару жөніндегі халықаралық тәжірибелерді игеруге мүмкіндік береді, бұл Қазақстан Республикасында жобасы әзірленіп жатқан аралас сот атқарушылығы туралы заң тұрғысында өте маңызды".

Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мамидың бастаған Қазақстан Республикасының өкілдері 30-қарашада Францияның Кассациялық сотының төрағасы Вэнсен Ламандпен кездесті. Кездесу барысында екі елдің жоғарғы сот мекемелерінің арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жөніндегі мәселелер талқыланды. "Тараптар соттардың сот шешімдерін атқару жөніндегі іс-қызметтері, соттарды, алқа билерді, әкімшілік соттарды мамандандыру, сот өндірісінде жаңа технологияларды қолдану мәселелеріне қатысты пікірлерімен алмасты",- деп айтылған баспасөз баянында.

Сонымен қатар, Қазақстанның өкілдері Францияның Мемлекеттік кеңесіне барып қайтты. Францияның Мемлекеттік кеңесінің мүшесі Жан-Мишель Белорже қазақстандық өкілдерді Францияның мемлекеттік институтының рөлімен және оның жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды. Сапар қорытындысы бойынша екі ел өкілдерінің байланыстарын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны