29.06.2006, 12:23 2968

Парламент айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі” заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң мемлекеттік табиғи ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи қорықтар мен қорық аймақтарын қорғаудың жаңа тәртіптерін енгізеді. Сонымен бірге заңмен “экологиялық желі” және “экологиялық дәліз” тәрізді жаңа ұғымдар қолданысқа енгізілді. Олар “ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен олармен байланысты орман, дала, шөл және сулы экожүйелердің жұмыс істеу принциптерін айқындайды”.

Депутаттар сондай-ақ “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар мен орман шаруашылығы мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңды алғашқы оқылымда қарап мақұлдады.

Бұл құжатпен Салық, Бюджет, Жер және Орман кодекстерінің нормалары “Айрықша қорғаудағы табиғи аумақтар жөніндегі” заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіріледі.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны