04.12.2008, 10:53 1704

Парламент ауылдық елдімекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді мақұлдады

Парламент ауылдық елдімекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері жөніндегі заңнамалық түзетулерді мақұлдады

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елдімекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасы мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленген. Онда ауылдық жерлерде жұмысқа орналасқан мамандарға әлеуметтік көмек беру нормалары қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны