24.06.2009, 11:43 1386

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Заң жобасының аясында он бес заңнамалық актіге: Азаматтық, Азаматтық іс жүргізу, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңға (Салық кодексіне), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", "Байланыс туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Нормативтік құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы", "Икімшілік рәсімдер туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Сауда-өнеркәсіптік палаталары туралы", "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы", "Бәсекелестік туралы" заңдарға тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Ұсынылып отырған өзгерістер заңдардағы "веб-сайт" деген сөздерді "интернет-ресурс" деген сөздермен ауыстыруға, еліміздің заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану тәртібіне, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеуге, бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру не тоқтату мәселелерін реттеуге, абоненттер туралы қызметтік ақпаратты байланыс операторларының осы ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтау міндеттерін белгілеуге, "интернет-ресурс", "интернет-ресурстың меншік иесі", ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның құзыреті, мәртебесі мен қызметтері ұғымдарын айқындауға бағытталып отыр.

Заң жобасын талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған заң жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. Оның ішінде еліміздің аумағына таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар, ісі сотқа жататындықтан шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тануға, лауазымды адамның құқықтарына, мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердің бірдейлігіне, мемлекеттік ақпарат жүйесінің қауіпсіздігі мен стандарттарына және заң техникасына қатысты өзгерістер бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны