26.04.2007, 12:17 3575

Парламент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң жобасын қабылдады

АСТАНА. 26-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының біріккен отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заң жобасын соңғы оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл шешімге 34 сенатор дауыс берді, біреуі қарсы. Аталмыш заңды қабылдау үшін мәжілістің 64 депутаты дауыс берсе, екеуі қарсылық танытқан.

Заң мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Бұрын хабарлағанымыздай, аталмыш заң жобасы парламентте екі оқылымда - 29-қаңтар мен 16-сәуірде қаралған.

Аталмыш заң жобасының негізгі мақсаты мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру мен оларды қолданудың егжей-тегжейлеріне бағытталған мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Атап айтқанда, аталмыш заң жобасында мемлекеттік рәміздерді орта және арнаулы оқу орындарындағы жалпы білім беру бағдарламаларының негізіне енгізу қарастырылған. Заң жобасы мемлекет туы мен елтаңбаның және оның бейнелерінің білім ұйымдары мен мекемелерінде, әскери бөлімшелерде орналасуы, сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді - ту мен елтаңбаны жарамсыз болған жағдайда ауыстыру немесе жою процедураларын реттейді. Сонымен қатар, ту мен елтаңба қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарда геральдикалық негіз ретінде, ал мемлекеттік әнұран басқа музыкалық туынды ретінде пайдалынылмайды. Сонымен қатар, заңнамада мемлекеттік әнұран тек мемлекеттік тілде орындалады деп көрсетілген. Сондай-ақ, заң жобасы әнұранның теле және радио бағдарламаларының таңертеңгі эфирге шығуы алдында және республика аумағында тіркелген теле және радиокомпанияларының хабар таратылымдарының аяқталуы барысында орындалуын қарастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны