05.07.2007, 11:04 2484

Парламент кедендік және салық процедураларын жеңілдету мәселелері жөніндегі заңды қабылдады

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Кедендік және салық процедураларын жеңілдету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасы орталық атқарушы орган мен оның құрамына енетін мекемелердің құзыреті аясын нақтылау, салық әкімшілігі және бюджетке басқа да міндетті төлемдер жөніндегі мәселелер бойынша кедендік және салық процедураларын жетілдіру үшін жасалған", - делінген сенаттың экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтсақ, заң жобасымен "шекаралас елдердің кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының, соның ішінде жолаушы және жүк тасымалына, кедендік бақылаудан өтуіне қатысты кедендік процедуралар біршама жеңілдетілген".

"Кедендік тасымалдаушы ретінде қызмет көрсету үшін әрбір көлік құралында тиісті техникалық жабдықтың болу қажеттігі жөнінде квалификациялық талап енгізіліп отыр. Бұл көлік құралының қозғалысы барысында оның іс жүзінде жүрген жерін бақылап отыруға мүмкіндік береді", - делінген қорытындыда.

Заң президенттің қол қоюына ұсныылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны