01.06.2007, 10:22 1324

Парламент конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулерді 8-маусымда палаталардың бірлескен отырысында қарайды

АСТАНА. 1-маусым. Kazakhstan Today. Парламент конституциялық заңдарға енгізілетін түзетулерді 8-маусымда палаталардың бірлескен отырысында қарайды.

Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында мұндай ұсынысты мәжіліс депутаты Владимир Нехорошев жасады. Депутаттар басым дауыспен ұсынысты қолдады.

Атап айтсақ, 8-маусымда өтетін бірлескен отырыста "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары бірінші оқылымда қаралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны