22.06.2009, 11:58 2728

Парламент "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Астана. 22 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қос палатаның арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының түзетулерімен келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сенаттың Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетінің қорытындысына сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының мақсаты Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын ветеринарлық сапа тұрғысынан және азық-түлік өнімдерінің, ветеринарлық дәрі-дәрмек пен емдік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық талаптармен сәйкестендіру болып табылады.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін Икімшілік құқық бұзушылық кодексі мен Жер кодексіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы", "Ветеринария туралы", "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" және "Жеке кәсіпкерлік туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заң жобасын талқылау және оны екінші оқылымда қарау барысында, сондай-ақ Сенат комитеттерінен түскен ескертпелер мен толықтыруларды ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.

Заң жобасы "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заңына өзгерістермен толықтырылды. Сондай-ақ "ветеринарлық бақылау орны", "ет өңдеу кәсіпорны" және "сою алаңы" секілді ұғымдар да қосылды.

Одан басқа үкімет пен басқа мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілейтін баптармен және редакциялық және нақтылау сипатындағы бірқатар өзгерістермен толықтырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны