21.06.2012, 15:31 2659

Парламент отандық авиакомпаниялардың жұмысын жақсартатын Заң қабылдады

Аталған құжаттың мақсаты Қазақстанда қазіргі заманғы әуе кемелерін сатып алу мәмілелерін қаржыландыратын кредиторлардың тәуекелін төмендету үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар құжат авиациялық техниканы өндіруші елдердің агенттіктерінің кепілдігімен қазақстандық авиакомпаниялар үшін заманауи әуе кемелерін қаржыландыру құнын төмендету көзделеді.

Астана. 21-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжаттың мақсаты Қазақстанда қазіргі заманғы әуе кемелерін сатып алу мәмілелерін қаржыландыратын кредиторлардың тәуекелін төмендету үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен қатар құжат авиациялық техниканы өндіруші елдердің агенттіктерінің кепілдігімен қазақстандық авиакомпаниялар үшін заманауи әуе кемелерін қаржыландыру құнын төмендету көзделеді.

Сондықтан да, Парламент қабылдаған Заң отандық авиацияның материалдық-техникалық базасын жақсартуға оң септігін тигізеді. Қазақстандық авиакомпанияларға техникаларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде еліміздің авиакомпанияларының жұмыс сапасын жақсартуға да оң әсер етпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны