14.12.2011, 10:54 6082

Парламент Ұлттық қауіпсіздік туралы заңды қабылдады

Сенаттың салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, заң "ұлттық қауіпсіздіктің тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған", онда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өкілеттіктері, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері белгіленді, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігінің қатерлеріне мән беріледі.

Астана. 14-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР парламентінің сенаты сәрсенбі күні пленарлық отырысында "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң қабылданып, қол қою үшін мемлекет басшысына жолданады.

Сенаттың салалық комитетінің қорытындысында айтылғандай, заң "ұлттық қауіпсіздіктің тиімді тетіктерін қалыптастыруға бағытталған", онда мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өкілеттіктері, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері белгіленді, Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігінің қатерлеріне мән беріледі.

Сенаторлар заң жобасын талқылау барысында түзетулер енгізді. Атап айтқанда, құжатта экономикалық шешімдер қабылдағанда, соның ішінде, ұлтүстілік органдардың шеңберінде экономикалық шешімдер қабылдағанда Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтау қажеттігін қарастыратын нормалар бекітілді.

Сонымен бірге, сенаторлар қоғамдық ұйымдар сынға алған заңның 6 бабының 16 тармағын түзетті. Атап айтқанда, мәтіннен "негативті" ақпараттық әсер және "құрылымды бұзу мақсатындағы" құрылымдар сияқты бағалаушы түсініктер алынып тасталды.

Ақырғы редакциясында 16 тармақ "қасақана түрде ұлттық қауіпсіздікке залал келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін немесе бұрмаланған ақпарат таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық әсер етуді" ұлттық қауіпсіздік қауіптеріне жатқызады.

Мұның алдында хабарланғандай, "Халық майданы" демократиялық күштер коалициясы заң бастапқы түрінде қабылданса, объективті ақпарат тарату азаматтарға Қазақстанның ұлттық мүдделерін бұзатын негативті әсер деп танылуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Коалицияның мемлекет басшысына, сенатқа, ҰҚК мен халықаралық ұйымдарға жолдаған мәлімдемесінде "Ұлттық қауіпсіздік туралы" заң жобасының 6 бабының 16 тармағында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне негізгі қауіп-қатерлердің ішінде "Қазақстан азаматтарына, қоғамына және мемлекетке бұқаралық сананы манипуляциялау мақсатында құрылымды бұзушы құрылымдар тарапынан негативті ақпараттық-психологиялық әсер" айтылған.

Бұл редакцияда биліктің субъективті пікірінше "позитивті" болмайтын объективті, шынайы ақпаратты тарату азаматтарға "негативті әсер" деп танылуы мүмкін", - делінген "Халық майданының" мәлімдемесінде.

Оппозиция өкілдері "құрылымды бұзушы құрылымдар" терминіне жатқызылатыны айтылған.

Мәлімдеменің авторлары "сананы манипуляциялау" термині "билікті сынайтын ақпараттың кез-келген түрін қамтиды, бұл билікке ұнамайтын кез-келген БАҚ-ты жоюға мүмкіндік береді" деген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны