29.06.2006, 12:50 2800

Парламент жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “кейбір заңнамалық актілерге жалға берілетін баспана жүйесін дамыту туралы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң жеке баспана құрылысын кең көлемді дамытуға ынталандыру, кірісі ипотекалық несиелендіру жүйесі шеңберінде баспана сатып алуға мүмкіндік бермейтін азаматтар үшін тұрғын үй жинақтары жүйесін одан әрі дамытуды ынталандыруға, сондай-ақ, жалға берілетін бспана рыногын дамытуға бағытталған.

Заңды қабылдау жергілікті атқарушы органдарға жалпы тұрғын үй қорындағы мемлекеттің үлесін арттырмай-ақ тұрғындардың белгілі бір санатының баспана тауқыметтерін шешуге мүмкіндік береді.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны