26.12.2006, 19:18 2918

Парламентте "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң жобасының тұсаукесері өткізілді

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Парламентте "Мемлекеттік сатып алу туралы" жаңа заң жобасының тұсаукесері өткізілді деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының негізгі мақсаты - бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес емес, бюджет қаржысын тиімді жұмсау есебінен сапалы тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінің сұранысын дер кезінде қанағаттандыру",- деді депутаттарғы заң жобасын таныстырған қаржы министрі Наталья Коржова.

Ол заң жобасының "мемлекеттік сатып алу процессін сапалы жоспарлау мен бюджеттік сатып алу шараларының бюджетін жасау барысында жоғары құн көрсетуге жол бермеуді қамтамасыз етуге" бағытталғандығын атап өтті. Ол үшін құжатта "мемлекеттік сатып алу көлемдері мен номенклатурасын жоспарлау процесстерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама реттейтін салаға жатқызу" қарастырылған. "Номенклатураны жоспарлау сатып алынатын тауарлар, жұмыстар пен қызметтерді сатып алатын сандық көрсеткіштерден, оларға жоспарланып отырған бағалар мен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтерден тұрады",- деді Н.Коржова.

Оның сөзіне сүйенсек заң жобасының ережелері сондай-ақ, "жекелеген тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алатын тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу туралы заңдарының іс-әрекет саласындағы мемлекеттік сатып алу процедураларын қолданбай, өз істерін мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама аясынан шығарып, негізсіз жүргізуіне жол бермеуге" бағытталған. Ол үшін заң жобасында "кейбір ерекше жағдайларға деген көзқарастар қайта қаралып, өнімді сатушыны таңдау мен оның мен келісім-шарт жасасу процедурасын жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асыру процедуралары ескерілген".

Сонымен қатар, министр заң жобасы сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін алғышарттарды жояды дейді. Н. Коржованың түсіндіруінше, егер болашақ тауар сатушы лауазым иесінің жақын туысы тапсырыс берушінің немесе мемлеккеттік сатып алушының мүддесін қорғаған жағдайда болашақ сатушыны мемлекеттік сатып алуға қатыстырмау жөнінде шектерлер қарастырылған.

Немесе егер болашақ өнім сатушы немесе оның жұмысшылары тапсырыс берушіге немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға кеңес берсе, сонымен қатар техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалық-сметалық құжат әзірлеу қызметін көрсетсе де шектеу қойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны