25.01.2012, 09:30 3355

Парламенттік фракциялардың жетекшілері сайланды

15 қаңтарда болған сайлаудың қорытындысы бойынша Парламентке "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өткені белгілі. Жуырда Мәжілісте ресми тіркеуден өткен аталған үш саяси партияның фракциясы алғашқы ұйымдастыру жиналыстарын өткізді.

Астана. 25-қаңтар. Kazakhstan Today - Парламенттік фракциялардың жетекшілері сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 15 қаңтарда болған сайлаудың қорытындысы бойынша Парламентке "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өткені белгілі. Жуырда Мәжілісте ресми тіркеуден өткен аталған үш саяси партияның фракциясы алғашқы ұйымдастыру жиналыстарын өткізді.

"Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясы фракциясының отырысында фракция жетекшісі болып Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бірауыздан сайланды. Нұротандық депутаттар фракция жетекшісінің бірінші орынбасары лауазымына Ерген Дошаевты, орынбасарлары қызметіне Серікжан Қанаев пен Светлана Ферхоны сайлады.

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі болып Азат Перуашев сайланды. Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясының депутаттары осы саяси ұйым фракциясының жетекшілігіне Владислав Косаревты сайлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны