20.04.2009, 18:48 3328

"Пәтер" операциясы аясында ұрлықпен айналысатын 16 қылмыстық топ әшкереленді

"Пәтер" операциясы аясында ұрлықпен айналысатын 16 қылмыстық топ әшкереленді

Астана. 20 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Пәтер" операциясы аясында ұрлықпен айналысатын 16 қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР ІІМ Криминалдық полициясы комитетінің ақпаратына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, құқықтық тәртіпті, азаматтардың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау және пәтер ұрлықтарымен байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ішкі істер органдары 13-15 сәуір аралығында мүдделі қызметтерді барынша жұмылдыра отырып, кең ауқымды "Пәтер" операциясын өткізді.

Осы кезеңде 128 пәтер ұрлығы жасалды, оның 118-і ашылды. 252 күдікті ұсталып, 16 қылмыстық топ әшкереленді, олар бұрын 158, оның ішінде ертеден ашылмай келе жатқан 38 пәтер ұрлығын жасаған. Іздестіруде жүрген 8 қылмыскер ұсталды.

Осылайша, 2009 жылдың 13 сәуірінде Астана қаласының ІІД қызметкерлері үш адамнан құралған қылмыстық топты ұстады, олардың әр түрлі тәулік уақытында есікті бұзу жолымен қаланың әр түрлі жерлерінде 13 пәтер ұрлығын жасағаны әшкереленді.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қаланың аумағында жасалған ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын анықтау жөнінде жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілуде.

Атырау облысында полиция қызметкерлері Грузия Республикасынан келген 3 "гастролер" ұрыны ұстады, олар құлыптардың кілттерін таңдау арқылы бес пәтер ұрлығын жасаған.

Маңғыстау облысының ІІД Алматы қаласында пәтер ұрлығын жасаған үшін 2006 жылдан бастап іздестіруде жүрген қылмыскерді ұстады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны