28.11.2006, 18:40 2994

Павлодар облысы полициясының автопаркіне тағы 8 көлік қосылды

ПАВЛОДАР. 28 қараша. Kazakhstan Today. Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің автопаркі полицияға қажет 8 көлікпен толықты. Олар навигациялық жүйемен жарақталған,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз отандық полицияға келіп жатқан техниканың керегіне жарап, оның қылмыскерлермен күреске бағытталған қызметін одан сайын жақсарта түседі деген үміттеміз,-деді автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатында Павлодар облысының әкімі Қайрат Нұрпейісов.

Полициялық жылжымалы бөлімшелер Ресейдің ПАЗ-3205 автобустары негізінде құрастырылған. Ир машина навигациялық жүйе, компьютер және спутниктік байланыспен қамтамасыз етілген.

Бұл арнайы көліктер үшін облыс бюджетінен 22 млн 560 мың теңге қаражат бөлінген.

Жыл басынан бері Павлодар полицейлері жаңа 99 автотехника және 100-ге жуық компьютерлерге қол жеткізді. Көліктердін басым бөлігі Ресеймен шекаралас учаскелік бекеттерді техникамен жарақтау мақсатына арналған.

"Ауылдардын арасы шалғай. Биылға дейін шеткері аймақтардағы учаскелік полицейлер көп қиыншылықтар көріп келген.Қазыр бұл маселе шешілді",- деді Павлодар облыстық ІІД төрағасының орынбасары Абай Мамбетов. "Біздің келесі жылғы мақсатымыз 273 ауылдық учаскелік бөлімшені техникамен жарақтау және өзге бөлімшелерімізді нығайту",-деді ол.

Облыстық ІІД мәліметтерінше, жыл басынан бері облыс аумағында 9341 қылмыс тіркелген. "Бізді әсіресе көшедегі бұзақылық пен республикалық маңызы бар жолдардағы жағдай алаңдатады",-дейді полиция полковнигі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны