08.11.2006, 11:41 3776

Павлодар облыстық прокуратурасы тәртіп сақшысын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

ПАВЛОДАР. 8-қараша. Kazakhstan Today. Асылып өлген жерінен табылған тәртіп сақшысының жұбайының шағымына сәйкес Павлодар облыстық прокуратурасы ҚР қылмыстық кодексінің "адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" жөніндегі 102-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Павлодар облыстық прокурорының орынбасары Аман Ибдікәрімов кеше өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, марқұмның әйелі ҰҚКД-іне де арыз жазған.

"Қылмыстық іс қандайбір нақты адамға қатысы емес, тек дерекке сәйкес қозғалды. Түрлі қаңқулардың алдын алу үшін..., бәр нәрсе обьективті әрі жан-жақты тексерілуі үшін және іс бойынша процессуалдық шешім қабылдануы үшін жасалды бұл",- деді А. Ибдікәрімов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Павлодар аудандық ІІБ-ның аға тергеушісі Нұрлан Шукуев ІІД-нің ғимаратында асулы тұрған жерінен табылған болатын. Бейресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, оқыс оқиғаның алдында тергеушіні облыстық ІІД-нің бастығы, генерал Мұрат Тұмарбеков өзіне шақырып алып кездескен. Құқық қорғау мекемелеріндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, кездесуде Жаңаауыл ауылында ашылмай қалған кісі өлімі төңірегінде әңгіме өрбіген.

Облыстық прокурордың орынбасары тергеушінің өлер алдында шынында да департамент төрағасының қабылдауында болғанын, оған себеп - майор Шукуевқа қатысты шағым келіп түскенін растады. Тергеуші Оңтүстік Қазақстан облысының кісі қолынан қаза тапқан екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша айғақзат ретінде тіркелген автокөлікті мініп жүрген. Сол үшін тергеушіге ауызша сөгіс жарияланған, деді прокурор.

Алайда, А.Ибдікәрімовтың пайымдауынша, "басшылықпен мұндай әңгімеден кейін дұрыс адам өзіне-өзі қол жұмсамайды. Және бұл кісіні өзін-өзі өлтіруге ІІД-нің төрағасы себеп болды дегенді әсте білдірмейді".

"Тергеушіні жұма күні 20 сағат 30 минутта облыстық ІІД-нің жертөлесіндегі сатыдан оның әріптесі тауып алған. Ол маңнан адамның өлер алдындағы хаты табылған жоқ. Оның денесінен жарақат немесе зорлық-зомбылық іздері де байқалмады",- деді прокурор. "Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала қорытындысына сәйкес, өлім тұншығу салдарынан болған",- деді ол.

Марқұмның әріптестері оны біртоға байсалды адам әрі тәжірибелі қызметкер ретінде сипаттайды.

Прокуратураның хабарлауынша, майордың өліміне қатысты дерек еліміздің бас прокурорының тікелей бақылауында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны