03.04.2008, 19:17 3351

Павлодарда полиция қызметкерлері жарты мың өзбек азаматтары бар бес автобусты ұстады

Павлодарда полиция қызметкерлері жарты мың өзбек азаматтары бар бес автобусты ұстады

Павлодар. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласына кіре берістегі "Ертіс" бақылау-өткізу пунктінде полиция жарты мыңнан астам Өзбекстан азаматтары отырған бес автобусты ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өзбекстанның 529 азаматы Новосибирск қаласына кетіп бара жатқан. Олардың айтуынша олар құрылыс компанияларының бірінде маусымдық жұмысқа тұрмақшы болған", - деп хабарлады департамент.

Автоинспекторлардың автобустарды тұтқындауына жолаушыларды тасымалдау ережесінің сақталмауы себеп болған. "Ирбір автобуста 50 - 60 адамнан отыруға тиіс болса, онда 90 -100 адам болды. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмаған балалар да бар. Бұл заңды өрескел бұзу болып табылады", - деп атап көрсетті ІІД.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, көлік құралдарының жүргізушілеріне қатысты әкімшілік іс қозғалған. Іс сотқа берілген.

"Жолаушыларға келер болсақ, қазір олардың барлығы да Павлодар қаласында сот үкімін күтіп жатыр", - деп атап көрсетті полиция қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны