18.02.2008, 15:30 2855

Павлодарда уақытша тергеу абақтысында героинның шамамен 300 дозасын беру әрекетінің жолы кесілді

Павлодарда уақытша тергеу абақтысында героинның шамамен 300 дозасын беру әрекетінің жолы кесілді

Павлодар. 18-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар қаласының АП 162/2 мекемесінде героинның 300 дозасы табылған жас жігіт тұтқындалды. Бұл туралы бүгін аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Полицияның ақпаратына сүйенсек, 14 грамнан астам салмағы бар героинді аталмыш жігіт тергеу изоляторындағы тұтқындалғандардың біріне бермек болған азық-түліктің ішіне жасырған. Бұл дерекке сәйкес 259 бап (есірткі заттарын заңсыз сақтау немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалған.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, сонымен бірге, пеницитарлық жүйенің тағы бір мекемесі АП 162/5-те кездесу бөлмесінде тұтқындалғандардың бірінен 1 грамнан астам героин табылған. "Енді 27 жастағы тұтқын есірткі заттарын сақтағаны үшін бас бостандығынан айырылу мерзімі ұзартылатын болады", - деп атап көрсетті полиция қызметкерлері.

Есірткінің заңсыз айналымымен байланысты тағы бір дерек Екібастұзда анықталған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері 20 жастағы қала тұрғынын тұтқындаған. Бойжеткен марихуана сатуға күдікті деп табылып отыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, ақпанның 11 мен 18 аралығында "Павлодар - есірткісіз қала" бағдарламасының аясында облыс аумағында "Наркосеть" арнайы шұғыл шаралар өткізілген болатын. Операция барысында есірткінің заңсыз айналымының 10 дерегі анықталған. Жыл басынан бері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымының 40 дерегі тіркелген. Оның жартысынан астамы тікелей саутуға байланысты болып шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны