06.01.2026, 20:02 45361

Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ЖИ және цифрлық даму министрлігі, ІІМ және басқа да мемлекеттік органдарға қазіргі заманғы қатерлер мен алаяқтықты анықтау және алдын алу тетіктерін әзірлеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше назар аудару керек. Жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болады. Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуі қажет. Жалпы қолданыстағы құралдар мен цифрлық шешімдерді жетілдіру бойынша тұрақты проактивті жұмыс жүргізу қажет. Бұл қоғамның цифрлық шешімдер мен онлайн-платформаларға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны