22.11.2012, 11:28 2886

Премьер Маңғыстау облысының басшыларына бизнестің жол картасы бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды С

Кеше, 21 қараша күні, Премьер-Министр Серік Ахметов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында "Өзенмұнайгаз" АҚ "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" базасының мұнайшыларымен кездесті. Кездесу барысында халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және қаланың инфрақұрылымын дамыту жайы талқыланды.

Ақтау. 22-қараша. Kazakhstan Today - Премьер Маңғыстау облысының басшыларына бизнестің жол картасы бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше, 21 қараша күні, Премьер-Министр Серік Ахметов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында "Өзенмұнайгаз" АҚ "Бұрғылау жұмыстары басқармасы" базасының мұнайшыларымен кездесті. Кездесу барысында халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және қаланың инфрақұрылымын дамыту жайы талқыланды.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Жаңаөзенде өткізген мәжілісте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселері қаралып, бірқатар тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, Үкімет басшысы облыс әкімдігіне мүдделі органдармен бірлесіп, өңірді әрі қарай дамыту, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша жұмыстың белсенділігін артыру, шағын бизнестің облыс экономикасына қосар үлесін арттыруды қамтамасыз ету және азаматтарға шағын несиелер беру мәселесіне назар аудару жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді міндеттеді.

"Бюджет қаржысын уақытылы және тиімді пайдалануды қамтамасыз етіп, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді уақытылы іске қосу керек. Осы бағдарлама бойынша 2013-2014 жылдары Маңғыстау облысына, оның ішінде Жаңаөзенге де, ескі және апатты жағдайлары үйлердің проблемаларын шешуге 5 млрд. теңгеден қаржы бөлу қарастырылған", - деді С.Ахметов өз сөзінде.

Облыс әкімдігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен, "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-мен және "ҚазМұнайГаз" АҚ-мен бірлесіп, Маңғыстау облысын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімге келу туралы тапсырма берілді.

Бейсенбі, 22 қараша күні С.Ахметов жұмыс сапарымен Атырау облысына барады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны