22.01.2008, 14:14 1644

Премьер "Самұрық" холдингіне Алматы әуежайының акционерлерімен мемлекеттің меншігіне акцияларды сатып алу жөнінде келіссөздерді жүргізуді тапсырды

Премьер "Самұрық" холдингіне Алматы әуежайының акционерлерімен мемлекеттің меншігіне акцияларды сатып алу жөнінде келіссөздерді жүргізуді тапсырды

Астана. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов "Самұрық" холдингіне Алматы әуежайының акционерлерімен мемлекеттің меншігіне акцияларды сатып алу жөнінде келіссөздерді жүргізуді тапсырды. Бұл туралы ол бүгін өткен ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің коллегиясында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен "Самұрық" холдингіне Алматы әуежайының акцияларын нарықтық бағамен мемлекеттің меншігіне сатып алу жөнінде акционерлермен келіссіздерді жүргізуді тапсырамын ", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

"Алматы әуежайының стратегиялық маңызы бар болғандықтан, ол мемлекеттің меншігінде болуы шарт ", - деп атап өтті премьер-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны