05.06.2009, 18:35 2902

Премьер-министр Азиада нысандары құрылысының кестесін сақтауға тапсырма берді

Премьер-министр Азиада нысандары құрылысының кестесін сақтауға тапсырма берді

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен бүгін Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарын өткізу және оған дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастыру комитетінің талқысына Астана, Алматы қалаларында және Алматы облысында Азия ойындары нысандарының құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстарын қаржыландыру мәселесі ұсынылды.

Сондай-ақ, ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық нысандарды инфрақұрылымдық және инженерлік желілермен қамтамасыз ету мәселелерін де талқылады.

Премьер-министр Азиада нысандары құрылысының кестесін сақтауға, сондай-ақ, Азия ойындарының ашылу және жабылу рәсімдеріне дайындық пен оны өткізу мәселелеріне қатысты жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны