12.12.2011, 12:27 4590

Премьер-Министр Назарбаев Университетінде болды

Университеттің Қамқоршылық кеңесінің отырысы басталмас бұрын, Кәрім Мәсімов жатақхана ғимаратында болып, студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты, сондай-ақ кітапханада, Ғылым және технология мектебінде болды және қазақ тілі кафедрасының таныстырылымына қатысты.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Назарбаев Университетінде болып, оқу орнының нысандарын аралады және Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Университеттің Қамқоршылық кеңесінің отырысы басталмас бұрын, Кәрім Мәсімов жатақхана ғимаратында болып, студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты, сондай-ақ кітапханада, Ғылым және технология мектебінде болды және қазақ тілі кафедрасының таныстырылымына қатысты.

Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Қамқоршылық кеңесінің отырысында оқу орнының 2011 жылғы қызметінің қорытындысы қаралып, университетке дейінгі дайындық бағдарламасы бойынша студенттерді оқуға қабылдаудың ережесі бекітілді, сондай-ақ университеттің 2012 жылғы жұмыс бағыттары талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны