31.01.2013, 14:54 6393

Премьер-Министр С. Ахметов Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасы желісін дамытуды ұсынды

Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасын салып және ұйымдастыруды дамыту қажет, деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Астана. 31-қаңтар. Kazakhstan Today - Премьер-Министр С. Ахметов Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасы желісін дамытуды ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда жекеменшік балалар бақшасын салып және ұйымдастыруды дамыту қажет, деп тапсырды ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

"Жекеменшік балалар бақшасы желісін дамыту керек. Ол үшін, әрине, ынталандыру және тартымды жағдайлар жасау қажет. Қазір Үкімет Парламентке МЖС туралы Заңға енгізілетін өзгерістерді жіберді. Заңның көптеген жаңа қағидадары инвесторлардың әлеуметтік нысандарға басқаша көзбен қарауына ықпал етеді деп ойлаймын. Үкіметтің, министрліктің және әкімдердің міндеттері мектепке дейінгі мекемелердің құрылысына инвестиция тартуды ынталандыру мәселесін шешу болуы керек", - деді С.Ахметов.

Үкімет басшысы мектепке дейінгі білім беру саласында 2009 жылдан бері "Балапан" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді, оның шеңберінде мектеп жасына дейінгі балаларды қамту 2 есеге дейін көбейді деді.

Сонымен қатар ол Қостанай облысында балаларды қамту шамамен 100%, Қарағанды облысында - 98%, Павлодар облысында - 95%, басқа да бірқатар облыстарда 50-60% құрайды дейді.

"Менің ойымша бұл өте аз. Қамту 100%, бәсекелестік үшін тіпті одан да жоғары болу керек. Балалар бақшалары жекеменшік түріне қарамастан әр бала үшін өзара бәсекелестікте болуы қажет", - деп түсіндірді ол.

С.Ахметов бұлай қамтуға мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестік құралдарының және оның басты құрамдас бөлігі- жан басын қаржыландырудың көмегімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет пен ата-аналардың төлемдері арқылы қол жеткізуге болады деді.

"Біздің елімізде, атап айтқанда Қызылорда облысында және басқа да өңірлерде осындай тетік бар. Осы тәжірибені алып, қолданып және дамыту қажет", - деп қорытындылады Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны