15.05.2009, 14:06 1249

Президент 2014 жылға дейін ел ішінде тұтынылатын дәрілік заттардың тең жартысын өзімізде өндіруді қамтамасыз етуді тапсырды

Президент 2014 жылға дейін ел ішінде тұтынылатын дәрілік заттардың тең жартысын өзімізде өндіруді қамтамасыз етуді тапсырды

Астана. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылға дейін ел ішінде тұтынылатын дәрілік заттардың тең жартысын өзімізде өндіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Фармацевтика саласында дәріні өз елімізде өндіретін зауыттар салу мәселесін бір айдың ішінде дәйектеу қажет", - деді Н. Назарбаев.

"Мен үкіметтің алдына нақты мақсат қоямын, 2014 жылға дейін ел ішінде тұтынылатын дәрілік заттардың тең жартысын өзімізде өндіруді қамтамасыз ету қажет", - деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны