23.01.2008, 18:19 2945

Президент әкімшілігі мен "Қазына" ТДҚ" АҚ-ның жаңа басшылары тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

Президент әкімшілігі мен "Қазына" ТДҚ" АҚ-ның жаңа басшылары тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Президент әкімшілігі мен "Қазына" ТДҚ" АҚ-ның жаңа басшылары тағайындалды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің бюро отырысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарладйы агенттік тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігінің жетекшісі болып Қайрат Келімбетов тағайындалды.

"Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне мен экономикалық блокты басқарған Қайрат Келімбетовты тағайындадым",- деді президент.

"Осыған байланысты мынадай ауыс-түйістер болды: "Қазына Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшысы болып Арман Дунаев тағайындалды, ол ҚР Қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қадағалау агенттігінің төрағасы болғаны белгілі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Дунаевтың орнына Елена Бахмутова тағайындалды",- деді ол.

Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Иділбек Жақсыбеков "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

"Мен Иділбек Жақсыбековты "Нұр Отан" партиясындағы өзімнің бірінші орынбасарыма тағайындадым. Ол сондай-ақ, партиядағы өз функциясын атқаруға қолайлы болуы үшін ел президентінің кеңесшісі болады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны