19.12.2007, 17:44 3004

Президент Алматыда Сәйденовты, Тасмағамбетовты және Дунаевты қабылдады

Президент Алматыда Сәйденовты, Тасмағамбетовты және Дунаевты қабылдады

Алматы. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Алматыдағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкі басқармаларының төрағасы Инуар Сәйденовты, Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты және ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаевты қабылдады, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Алматыдағы резиденциясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық банкі басқармаларының төрағасы Инуар Сәйденовты қабылдады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кездесуде банк саласындағы жылдың алғашқы қорытындылары мен қаржы жүйесінің 2008-2009 жылғы даму келешегі талқыланды. Еліміздің кейбір банктерінде болған уақытша қиындықтарға қарамастан, жалпы ахуалдың бақылау аясында екендігі және еліміздің экономикасындағы несиелендіру деңгейінің тұрақтанғандығы атап көрсетілді. Қараша айында заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі ұлғаю ағымы байқалды.

"Келешекте 2008 жылы қайтарылуға тиіс сыртқы берешектерді ескере отырып, банктердегі ахуалды жіті қадағалап отыру, экономиканы несиелендіру деңгейін сақтап қалу қажет. Ұлттық банктің сенімді әрі ауқымды сыртқы активтер қоржыны бар. Несиелік қоржынның сапасына баса назар аудару қажет.

Қазақстанның төлем балансының жағдайы жаман емес. Келесі жылы экспорттан түстетін түсімдер мұнайдың, металдар мен астықтың бағасы жоғары болуына байланысты біршама жоғары болмақ. Теңгенің бағамы тұрақты қалпында қала береді", - деді А.Сәйденов журналистерге арналған брифингте.

Бүгін сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаевты да қабылдады. Ол мемлекет басшысына ғаламдық қаржы нарықтарында тамызда болған оқиғалардан кейін қаржы жүйесінде белең алған ахуалды жақсарту бағытында қабылданған шаралар туралы баяндады.

Бүгін сондай-ақ, президент Н.Назарбаев Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовты да қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны