29.04.2010, 17:58 4620

Президент Астанада балабақшаның ашылуына қатысты

Президент Астанада балабақшаның ашылуына қатысты

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы, Алматы ауданындағы 240 орынды №47-ші "Ақжелкен" балабақшасының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Ашылу рәсімінен кейін бүлдіршіндермен және олардың ата-аналарымен, тәрбиешілермен тілдескен мемлекет басшысы: "Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Балаларыңыздың қызығын көріңіздер", деді.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1989 жылы салынған, аумағы 2716, 9 шаршы метрді құрайтын бұл кірпіш ғимаратта осыған дейін Алматы ауданының әкімдігі орналасқан.

Елбасының биылғы жолдауында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын жетіспеушілігін төмендету мақсатында "Балапан" бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде берілген тапсырмаға сәйкес, бұл ғимаратты Астана әкімдігі қалалық білім жүйесіне қайтарып алған.

Оны қайта жабдықтау үшін "Жол картасы" бойынша 341,8 млн теңге бөлінген. Балабақшада 12 топ жасақталған. Оның ішінде біреуі дайындық тобы, төртеуі жоғары топ, бесеуі орта топ, біреуі бүлдіршіндер тобы, біреуі кішкентайлар тобы. Барлық топта тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақшада 24 тәрбиеші, бір әдіскер, медициналық қызметкерлер, 12 тәрбиешінің көмекшілері, музыка жетекшісі, барлық саны 67 адам жұмыс істейді.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 29-ындағы жағдай бойынша қайтарылып алынған 1515 орынды қамтитын 10 балабақша жөнделіп, ашылуға дайын. Ағымдағы жылғы шілде-қыркүйек айларында 890 орынды қамтитын тағы 5 балабақшаның құрылысын салу жоспарланып отыр. Жыл соңына дейін 2405 орынды 14 балабақша пайдалануға беріледі. Осының негізінде 696 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны