01.10.2009, 16:53 3105

Президент Атырау ЖЭО IV кезегінің қуаты 25 мВт турбиналық агрегатын іске қосты

Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысшыларының алдында сөйлеген сөзінде газотурбиналық стансаның іске қосылуы Атырау облысы экономикасының энергетикалық қуатын едәуір арттыруға мүмкіндік туғызатынын және қарқынды дамып келе жатқан өңірдің электр энергияға деген сұранысын толық қанағаттандыратынын атап өтті.

Атырау. 1 қазан. Kazakhstan Today - Президент Атырау ЖЭО IV кезегінің қуаты 25 мВт турбиналық агрегатын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінде Қазақстан бойынша жаңа кәсіпорындар іске қосылуда. Осының бәрі - біздің халқымыздың бірлігінің, сондай-ақ қоғамдағы келісім мен тұрақтылықтың нәтижесі", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Атырау жылуэнергоорталығының жаңа газотурбиналық стансасын аралау кезінде облыс әкімі Бергей Рысқалиев Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау облысында "Жол картасының" жүзеге асырылу барысы туралы баяндады және өңір дамуының ағымдағы көрсеткіштерімен, оның перспективалы даму жобаларымен таныстырды. Мұнда президент Атырау ЖЭО IV кезегінің қуаты 25 мВт турбиналық агрегатын іске қосты.

Мемлекет басшысы кәсіпорынның жұмысшыларының алдында сөйлеген сөзінде газотурбиналық стансаның іске қосылуы Атырау облысы экономикасының энергетикалық қуатын едәуір арттыруға мүмкіндік туғызатынын және қарқынды дамып келе жатқан өңірдің электр энергияға деген сұранысын толық қанағаттандыратынын атап өтті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, президенттің жұмыс сапарының екінші күнгі бағдарламасы облыс орталығындағы "Алмагүл" шағын ауданында салынған жүз төсектік жаңа перзентхана корпусын аралауымен басталды. Республикалық бюджеттен қаржыландырылған, алаңы 1300 шақырымдық медициналық мекеме құрылысының құны - 2971,7 миллион теңге. Перзентхана заманауи стандартқа жауап беретін жетілдірілген компьютерлік аппараттармен, узи және рентген аппараттарымен, шағын инкубаторлармен, жабдықтаушы датчикпен, монитормен және жылыту жүйелері тәрізді озық үлгідегі медициналық жабдықтармен жарақтандырылған. Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жабдықтардың жұмысымен танысып, аурухананың медициналық қызметкерлерімен әңгімелесті.

Одан кейін мемлекет басшысы қалалық мұз айдынында болды. Жаңа сарайдың көрермендерге арналған орны 800 адамға есептелінген әрі Атырауда мәнерлеп сырғанау мен хоккей тәрізді қысқы спорт түрлерін дамытудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылған. Сарайдың мұз айдынында алғаш рет хоккейден Қазақстан чемпионатының ойындары өтті.

Сондай-ақ, президент облыстық сот әкімшілігінің жаңа ғимаратында болды.

Президент барша атыраулықтарға амандық-саулық және гүлдену тіледі.

Мемлекет басшысының Атырау облысына жұмыс сапары осымен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны