11.12.2008, 18:08 3034

Президент Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент Азаматтық кодекске енгізілетін түзетулерге қол қойды

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беру туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қарастырылған.

Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағының қазіргі редакциясында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беруді тек жекешелендіру жөніндегі заңнамалық актілердің аясында жүзеге асыру қарастырылған.

Сөйтіп, жекешелендіру, яғни, мемлекеттік мүлікті сату мемлекеттік мүлікті басқарудың бір түріне жатады. Ал қолданыстағы заңнамалық актілермен, соның ішінде "Жекешелендіру жөніндегі" заңмен мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру мүмкіндігі регламенттелмеген.

Осыған байланысты заң жобасымен Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізіп, онда мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру және мемлекеттік меншік нысандарын жеке меншіктегі құны бірдей мүлікке ауыстыру секілді мүлікті басқарудың түрлерін қарастыру ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны