05.06.2008, 18:14 3232

Президент БҰҰ-ның адам саудасының алдын алу жөніндегі хаттамасын бекіту туралы заңға қол қойды

Президент БҰҰ-ның адам саудасының алдын алу жөніндегі хаттамасын бекіту туралы заңға қол қойды

Астана. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ конвенциясын толықтыратын бірқатар хаттамаларды бекітуді мақұлдады. Атап айтсақ, "БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын мигранттарды құрғақпен, теңізбен және әуемен заңсыз енгізуге қарсы хаттамасын Қазақстан Респуликасының бекітуі туралы" заңға қол қойды.

Бұл хаттамада мигранттарды заңсыз енгізуге қарсы шаралар мен хаттамаға қатысушы мемлекеттер арасында қылмыстық топтар, адамдарды жасырын тасымалдау әдістері мен құралдары туралы өзара ақпарат алмасу жайы қарастырылған.

Сондай-ақ, президент "Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын адам саудасының, әсіресе әйелдер мен балаларды саудалаудың алдыен алу мен жолын кесу, сондай қылмыс үшін жаза жүктеу жөніндегі хаттаманы бекітуі туралы" заңға қол қойды.

Бұл хаттаманың мақсаты адам саудасының алдын алу және онымен күрес, құл саудасы құрбандарына көмек көрсету, сондай-ақ, қатысушы мемлекеттер арасындағы осы мақсатқа жетудегі ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Сондай-ақ, Елбасы " БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес конвенциясын толықтыратын қару-жарақты, оның құрамды бөліктері мен компоненттерін, сондай-ақ, олардың оқ-дәрісін заңсыз жасауға қарсы хаттамасын Қазақстан Республикасының бекітуі туралы" заңға қол қойды.

"Бұл хаттама қару-жарақты заңсыз жасауға және оның айналымының алдын алу, трансұлттық сипаттағы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысуымен жасалған қылмыстарды тектеп тексеру үшін қолданылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны