Система Orphus

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

14.07.2009, 14:17 808

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы құрылысқа үлестік қатысушылар құқы мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы", "Жарнама туралы", "Аудиторлық қызмет туралы", "Лицензиялау туралы" және Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді көздейді.

Енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтырулар құрылыс салушының төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптарды қатайтуға, сондай-ақ құрылыс салушыда тұрғын үй мен салынған пәтерлерінің болуы туралы талап енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органның құзіреті де қарастырылады.

Одан басқа заң жобасы әр тұрғын үй ғимараты құрылысына үлескерлер қаржысын тарту есебінен құрылыс салушыға жобалау компаниясын құруды қарастырады. Жобалау компаниясының жарғылық капиталын құрылыс салушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы, жер учаскесі, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттары және басқа мүлік түрінде қалыптастырады.

Оған қоса, үлескерлер ақшасы оны тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін ғана жобалау компаниясына аударатын банк-агент депозитіне қабылданады. Сөйтіп, қарастырылып отырған заң жобасы бойынша қатысушылар саны төртке дейін (құрылыс салушы, жобалау компаниясы, үлескер және банк-агент) көбейді және үлескерлер қаржысы банкте сақталатын болады.

Заң жобасы жобалау компаниясының құрылысты аяқтауға мүмкіндігі болмаған жағдайда және (немесе) тұрғын үйдегі (тұрғын үй ғимаратындағы) үлес берілгенде банк-агент үлескерге оның депозитінен ақшасы мен жинақталған сыйақысы мөлшеріндегі ақшасын қайтаратын болады.

Жобалау компаниясының үлескерлер алдындағы міндеттемелері бойынша құрылыс салушы субсидиялық жауапкершілігі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны