17.11.2006, 19:00 2740

Президент мүлікті заңдастыру мерзімін 2007-жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартуды көздейтін заңға қол қойды

АСТАНА. 17-қараша. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Кейбір заңнамалық актілерге мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң нормаларына сәйкес шараның мерзімі ұзартылып, заңдастыру процедурасы жеңілдетіле түсті.

Мәселен, заңға сәйкес, "ақшаны заңдастырылды деп тану үшін банктегі есепшотқа ақша аудармай-ақ, өтініш немесе басқа да құжаттар тапсырмай-ақ, мүлікті заңдастыру жөніндегі алымды төлеу дерегі тіркелсе жеткілікті.

Мүлікті заңдастыру шарасының мерзімі 2007-жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны