01.09.2011, 13:10 5033

Президент оқушылар мен мұғалімдерді Білім күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның барша жеткіншектері мен ұстаздарын 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаған. Бұл құттықтауды Елбасы бүгін Астанадағы № 66-шы мектеп-лицейінде "Жас Ұлан" жасөспірімдер ұйымына алғашқы мүшелерді қабылдауға арналған салтанатты рәсімде мәлім етті.

Астана. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - Президент оқушылар мен мұғалімдерді Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агеттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның барша жеткіншектері мен ұстаздарын 1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаған. Бұл құттықтауды Елбасы бүгін Астанадағы № 66-шы мектеп-лицейінде "Жас Ұлан" жасөспірімдер ұйымына алғашқы мүшелерді қабылдауға арналған салтанатты рәсімде мәлім етті.

"Жас жеткіншектер, құрметті ұстаздар баршаларыңызды бүгінгі Білім күнімен құттықтаймын. Осы оқу жылының басталуында барлықтарыңызға зор денсаулық, оқуда үлкен табыстар тілеймін",-деді Президент.

"Биылғы оқу жылының басталуында ерекше жағдай бар. Себебі бұл тәуелсіздігіміздің 20 жылдық тойы мерекесінің қарсаңында болып жатыр",-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Елбасы осы айтулы мерекені қарсы алу үшін барша қазақстандықтар қазіргі кезде дайындалып жатқанын айта келе, "Ал сіздердің, жастардың, балалардың беретін сыйлығы - жақсы оқу, жақсы білім алу болып саналады. Мен солай болатынына кәміл сенемін",-деді. Президент өз сөзінде биылдың өзінде елімізде 7441 мектептің есігі ашылатынын, 2,5 млн. бала мектепке баратынын айтып өтті.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда 20 жылдың ішінде еліміз бойынша 780 мектеп салынды. Сонымен қатар 2020 жылға дейін тағы 513 мектеп іске қосылып, 12 жылдық білім алу стандартына көшеміз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны