25.12.2006, 17:06 3166

Президент сайлау науқаны кезінде митинг өткізуге салынатын тыйымды алу туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Еске сала кетейік, енгізілген түзетумен Конституциялық заңның жобасы қолданыстағы "Сайлау туралы" заңнан 44-баптың 6-тармағын алып тастауды ұсынады. Онда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан бастап сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланғанға дейін митингілер, шерулер мен демонстрациялар сынды қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді паш ететін шараларды өткізуге сайлаушылар мен сайлау комиссияларының мүшелеріне ықпал етпеу үшін тыйым салу белгіленген.

Парламент "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды 24-қарашада екі оқылымда қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны