20.06.2007, 10:35 1221

Президент "Сайлау туралы" заңға енгізілетін түзетулерге қол қойды

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңға қол қойды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, заң жобасында "парламент мәжілісін қалыптастырудың жаңа тәртібі қарастырылған. Мәселен, онда көрсетілгеніндей, мәжілістің 107 депутатының 98-і біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционал сайлау жүйесінің негізінде партиялық тәзәм бойынша сайланса, қалған 9 депутатты Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды.

Соған байланысты конституциялық заңға осы өзгерістен туындайтын түзетулер енгізіледі және олар жалпы алғанда сайлау процессінің барлық сатыларын қамтиды. Атап айтсақ, заңда саяси партиялар тарапынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді ұсыну, олардың партиялық тізім жасау, сайлауды өткізу мен сайлау қорытындысын шығару, үміткерлер арасында депутаттық мандаттарды тарату, оларды партиялық тізімге енгізу процедуралары регламенттелген. Сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттарының бір бөлігіне ат ұсыну мен оларды сайлау тәртіптері айқындалған.

Мәжіліс депутаттарын негізінен партиялық тізім бойынша сайлау ұсынылып отыруына байланысты заң жобасында саяси партиялардың сайлау жарнасын енгізу тәртіптерін рететйтін жаңа ережелер қарастырылған, саяси партияларды өткен сайлау қорытындысына сәйкес қаржыландыру көлемін ескере отырып сайлау жарнасының мөлшерін әртүрлі белгілеу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны