06.05.2008, 19:05 3172

Президент Салық кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент Салық кодексіне енгізілетін түзетулерге қол қойды

Астана. 6-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының "Салық және және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босату мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы Салық кодексінің 226-шы бабының нормаларын қолдануға байланысты туындаған жағдайды жою үшін жасалған.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босатуды қарастыратын түзетулер күшіне енді. Алайда, Салық кодексінің осы нормасына сәйкес, Қосалқы құн салығынан босату тұрғвн үй ғимаратының бір бөлігін сату мен жалға беруге таралмаған.

Кодекс баптарының нормасын түрліше түсіндіру салдарынан Қазақстанның құрылыс ұйымдары зардап шегіп, оларға салық органдары 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қосалқы құн салығы мен осы соманың 50% көлемінде өсімпұл тағайындаған.

Енгізілетін түзетулермен Салық кодексінде туындаған аталған құқықтық қарама-қайшылық жойылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны